Павлодар облысында 70-тен астам нысанның төбе жабындысы зақымданды

Павлодар облысында 70-тен астам нысанның төбе жабындысы зақымданды
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Дауылдың салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 7 қарашада секундына 28 метрден астам соққан желдің салдарынан 76 нысанда шатыр төбе жабындысы зақымданды, оның 14-і Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларындағы, Баянауыл, Железин, Ақтоғай, Май, Павлодар, Тереңкөл, Ертіс аудандарындағы әлеуметтік нысандар.

– Бүгінгі таңда облыстың 18 елді мекенінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде,– деді департаментте.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД құтқарушыларының 12 шығуы жүзеге асырылды.    

Еске сала кетейік, 7 қарашада Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Успен, Аққулы аудандары, Ақсу қаласында жарық өшірілуінің 28 фактісі орын алған болатын.