Павлодарда гидравликалық сынақтарда анықталған зақымдар жойылуда

Павлодарда гидравликалық сынақтарда анықталған зақымдар жойылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дүйсенбі күні оңтүстік және солтүстік желілік аймақтар бойынша ыстық су беру кестесі жарияланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков гидравликалық сынақтардан кейін жылу желілеріндегі зақымдарды жою жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды тексерді.

Сынақ нәтижесінде оңтүстік желілік аймақта 69 зақым анықталды: оның 17-сі магистральдік желілерде, 52-сі аулаішілік желілерде. Бүгінгі таңда 17 зақым жойылды, – деп жазды Хасар Хабылбеков жеке парақшасында.

Солтүстік желілік аймақта 51 зақым тіркелді: соның 3-і магистральдік, 48-і аулаішілік желілерде. Қазіргі уақытта оларды жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімі зақымданған желілерді жөндеу жұмыстарын күшейту үшін қосымша бригадаларды қосу жөнінде тапсырма берді.