Павлодарда Indigo жүйесі уақытша істемейді
Қызмет жеткізушіні анықтау рәсімдері өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қазіргі уақытта балаларды кезекке қою, құжаттарды қабылдау және қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына қабылдау қызметтері жеткізушіні анықтау бойынша конкурс рәсімдері жүргізіліп жатқандықтан уақытша тоқтатылған. Конкурс рәсімдері аяқталғаннан кейін ақпараттық жүйенің жұмысы қайта жандандырылады.