Павлодарда Jastar Vibe жобасы аясында акустикалық кеш өтеді
Қала жастары үшін жанды музыка мен шығармашылық атмосфераға толы кеш ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеш барысында қатысушыларды жанды музыка, әсерлі өнер көрсетулер, сондай-ақ жайлы әрі еркін атмосфера күтіп тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — жаңа таныстықтар орнатып, шабыт алып, шығармашыл жастармен бірге уақыт өткізуге жақсы мүмкіндік.
Іс-шара 17 сәуір күні сағат 17:30-да Ломов көшесі, 38 мекенжайында өтеді.
Кіру тегін.