Павлодарда күлкі сыйлайтын жас суретшілер арасында байқау ұйымдастырылады

Павлодарда күлкі сыйлайтын жас суретшілер арасында байқау ұйымдастырылады
pixabay.com/ru/pieonane

Тақырыбы – құқықтық және қаржылық сауаттылық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«New vision team» үкіметтік емес ұйымы Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша байқау жариялайды. 

Жастар арасында сатиралық формадағы бейнелеу өнері жанрындағы байқауды бастаймыз. Бұл жолы тақырып: құқықтық және қаржылық сауаттылық, – дейді ұйымдастырушылар. 

Өңір жастары қылқаламдары мен қарындаштарын алып, шығармашылыққа кірісе алады. Жұмыстар тек бейнелеп қана қоймай, күлдіруі керек.

Ең тапқыр және креативті шығармалар сыйлықтарға ие болады! 

Жұмыстар 2024 жылғы 6 шілде мен 22 шілде аралығында nvt_kz@mail.ru поштасына қабылданады. Толығырақ ақпаратты What’s up нөмірі арқылы білуге болады - 8 705 190 2110.