Павлодарда кәсіпкерлерді жеке қабылдауға шақырады
Қабылдауға алдын ала жазылу керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелері бойынша жеке қабылдау жоспарланған. Бұл жиында кәсіпкерлерді экономикалық тергеу департаментінің басшысы қабылдайды.
Жеке қабылдау 26 шілдеде сағат 11:00-12:00 аралығында өтеді. Қабылдауға 66-03-11 нөмірі бойынша жазылуға болады.
Іс-шара «Атамекен» өңірлік палатасы жүргізіп жатқан бизнесті қорғау жұмысы аясында өтеді. Сондай-ақ, палата алаңында құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланған семинарлар, дөңгелек үстел отырыстары аясында басқа да мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу мүмкіндігі қарастырылған.