Павлодарда көбірек қауіпсіз жағажайлар құру ұсынылды

Павлодарда көбірек қауіпсіз жағажайлар құру ұсынылды
Фото: Константин Шелков

Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етеді, бірақ әлі де қауіпті учаскелерге шомылатын тұрғындардың саны азаймай тұр, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында 24 коммуналдық және 18 жеке шомылу аймағы бар. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ірі су айдындарында 37 құтқару және төрт мобильді бекетте кезекшілік ұйымдастырылғанын атап өтті. Құтқарушылар қауіпті учаскелерді тәулік бойы күзетеді.

Оның пікірінше, жергілікті атқарушы органдар жабдықталған шомылу орындарының санын көбейту үшін шаралар қабылдауы керек.

– Жалпы еліміз бойынша 50 мыңнан астам су айдыны бар, олардың барлығында құтқарушылар кезекшілігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан қазақстандықтар өз қауіпсіздігі жайлы ойлауы керек және жүзудің тиісті дағдыларын меңгермеген жағдайда суға түсуден бас тартқаны дұрыс, – деп есептейді Сырым Шәріпханов.

Оның айтуынша, облыста шомылуға тыйым салынған 166 орын бар. Суға түсу  маусымы басталғаннан бері аймақта 142 рейд жүргізілді. Жедел әрекеттің арқасында бес адам құтқарылды.