Павлодарда кейбір үйлер жарықсыз қалады
Қорғалатын аумақта ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қараша күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Дүйсенов көшесі, 123 – «Просто Мария» тігінханасы;
- Луначарский көшесі, 13 – ұлттық сараптама орталығы, 13/4 – аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, 24А – «AQJAN» ветеринарлық дәріханасы, «LITIGATOR» заңгерлік қызметтер, «Экоправо» экологиялық жұмыстар;
- Толстой көшесі, 33 – «Puziko» дүкені, ТҚКО, 35 – «Центр крепежа» дүкені;
- М. Горький – Марғұлан – Луначарский – Ак. Бектұров көшелері алаңындағы жеке тұрғын үйлер.