Павлодарда кәсіпкерлерді бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақыруда
Бұл кәсіпкерлерге заң талаптарын жақсы түсінуге және болашақта бұзушылықтарды болдырмауға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кездесу 26 қыркүйек күні сағат 11:00-де жоспарланған.
– Іс-шара қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамытуды көздейді, – дейді ұйымдастырушылар.
Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуды талқылау бойынша жиналыс нысанында өткізіледі.
Өткізу орны: Луговая көшесі, 16 – «Инвесторлар үйі».
Кездесуге қатысу үшін 32-33-21, 32-33-09 телефондары бойынша тіркеуден өту қажет.