Павлодарда көлік қағып кеткен ер адам ми жарақатын алды
1983 жылғы тұрғын ми жарақатымен № 1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2023 жылғы 30 наурызда сағат 14.30 шамасында Ломов көшесіндегі 45-ші үйге қарсы аумақта орын алған.
– Chevrolet Nexia маркалы автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан. Салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, – деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, полиция ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізуде.