Павлодарда көлік қаққан баланың жағдайы белгілі болды
Ауыр жарақат алған бала реанимацияда жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 5 тамызда 13:24-те Естай көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 2014 жылғы ер баланы көлік қаққаны туралы хабарлама түсті.
Медициналық бригада ер баланы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізді. Оған интубация жасалып, реанимация бөлімшесіне жатқызды.
– Бала ашық бас жарақаты, төменгі жақтың сынық сынуы, дененің түрлі жарақаты деген диагноз қойылды. Бала бірінші дәрежедегі жарақаттық шок алған. Жалпы жағдайы өте ауыр, тұрақсыз деп бағаланады,– деді облыстық балалар ауруханасында.
Балаға бүкіл емдік-диагностикалық шаралар жүргізілуде. Ота жасату туралы сұрақ баланың жағдайы бойынша шешілетін болады.