Успен ауылында саманнан салынған үй жанды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ТЖД-ның мәліметінше, 6 ақпанда түнгі сағат 22:24-те Успен ауылының № 17 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан үйдің жанғаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына кезекші қарауыл жіберілді. Шақыру орнына келгенде саманнан салынған үш бөлмелі үйдің ас бөлмесінде жалпы ауданы екі шаршы метрде ағаш еден мен жиһаздардың жануы анықталды, – деді департаментте.
Өрт сағат 22:35 оқшауланып, он минуттан кейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.