Павлодарда көшеде жалаңаш жүрген ер адам полицияға жеткізілді

Павлодарда көшеде жалаңаш жүрген ер адам полицияға жеткізілді

Ол өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні сағат 17:30 шамасында  Лермонтов көшесінде жалаңаш, киімсіз жүрген 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды. 

Әрі қарай талқылау үшін ер адам полиция бөліміне жеткізілді.  Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберіледі.