Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде жарық болмайды

Павлодарда кейбір тұрғын үйлерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаланы қысқы мерзімге дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Катаев көшесі, 83 – №1 арнайы мектеп-интернаты, 85;
  • Ак. Шөкин көшесі, 153/1 – «Amid Travel» туристік агенттігі;
  • Ломов көшесі, 150, 152/2, 154/3;
  • Ак. Шөкин – Павлов – Ломов – Катаев көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер.

Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін:

  • Гурьевская көшесі, 1-24;
  • Ген. Дүйсенбаев көшесі, 1-24;
  • Геринг – Омская – С. Нұрмағамбетов – Ген. Дүйсенбаев көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер.