Павлодарда көшелердің жол жабынының сараптама қорытындысы әзірленді

Тексеріс жұмыстарын жол активтері сапасының ұлттық орталығы қалалық филиалының мамандары өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта қала көшелерінің 170 шақырымы, облыс орталығының 52 көшесі тексеріспен қамтылды.
– Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша Авиақалашық автожолы мен Баян Батыр көшесінде, Солтүстік өндірістік аймақтан Омбы-Майқапшағай автожолының 390-шақырымына дейінгі учаскеде жол жамылғысында тегіс емес жерлер мен деформациялар анықталды. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, – деді Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Павлодар филиалында. – Жібек жолы көшесінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына байланысты жолда терең іздер пайда болған.
Мамандардың сөзінше, мұндай диагностикалық шаралар қандай жолдарға шұғыл түрде жөндеу керектігін анықтауға көмектеседі. Қандай ақаулар, шұңқырлардың тереңдігі және ойықтар жөнінде кең мағлұмат алуға болады.
– Осы параметрлердің барлығы жолдарды зерттеуге арналған жаңа техникалық құралдар мен аспаптардан жабдықталған жылжымалы жол зертханасының көмегімен анықталды, – деді мамандар.
Зерттеу қорытындысы аясында барлық қажетті кестелер, қорытындылар және ұсынымдардан құрылған техникалық есеп жасалады. Жалпы облыс орталығының жолдары жақсы деңгейде.
Еске сала кетейік, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының өңір филиалының мамандары шаһар орталығының көшелерін алғаш рет толық тексеріп, паспортизация жүргізді. Бұған дейін мұндай тексерулер тек республикалық маңызы бар жолдарға ғана жасалатын.