Павлодарда қалалық көшелерге диагностика жүргізіледі

Павлодарда қалалық көшелерге диагностика жүргізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жұмыстар жолдардың ақауларын анықтап, жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Павлодар облыстық филиалының мамандары облыс орталығының көшелерін алғаш рет толық тексеріп, паспортизация жүргізеді. Бұған дейін мұндай тексерулер тек республикалық маңызы бар жолдарға ғана жасалатын.

– Диагностика жолдың жай-күйін, жарықтар мен шұңқырлардың, ойпаң жерлер мен тозудың бар-жоғын, жүктеме деңгейі мен қозғалыс қарқындылығын анықтауға көмектеседі. Барлық өлшеулерді орталықтың инженерлері заманауи құралдармен жабдықталған жылжымалы жол зертханасы арқылы жүргізеді. Бүгінгі күнге дейін 170 шақырым – яғни 52 көше зерттелді, – дейді Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Павлодар филиалында.

Авиақалашықтан «Павлодар – Семей» трассасына дейінгі жол учаскесінде көптеген ақаулар анықталды. Кенжекөл ауылының басты көшесінен де шұңқырлар, жарықтар, тегіс емес учаске мен деформациялар табылды.

Диагностика нәтижесі бойынша техникалық есеп дайындалады. Онда графиктер, қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Қай жолға қандай жөндеу қажет – шұңқырларды жамау ма, әлде күрделі жөндеу ме, қандай жұмыстар атқарылуы керек және олардың құны қанша болатыны көрсетіледі. Сонымен қатар, жолдың апаттылық деңгейі де анықталады.

Салыстырмалы түрде айтсақ, сапа орталығы жыл сайын шамамен 1500 шақырым республикалық жолды тексереді.