Павлодар ауданында екі көлік соқтығысты
Жол-көлік оқиғасы Заря ауылы маңында орын алған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 маусым күні сағат 19.45-те Павлодар ауданының Заря ауылы маңында «Митсубиси» және «Тойота» маркалы екі автокөлік соқтығысқан.
Салдарынан бірінші автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама тағайындалды.
– Павлодар - Семей тас жолында жол апаты орын алды. Екі көлік соқтығысқан жерге жедел жәрдем диспетчері екі медициналық топты жіберді. 31, 34 және 69 жастағы үш адамға көмек қажет болды, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінде.
Алғашқы екеуі № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді, зейнеткер ауруханаға жатудан бас тартты.