Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Тұрғындарда жұмыс берушімен тікелей әңгімелесу мүмкіндігі болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мансап орталығының мәліметінше, 22 тамызда сағат 11:00-де Академик Бектұров көшесі, 115 мекенжайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
– Біз әр қатысушыға лайықты жұмыс табуына және кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына барлық жағдайды жасаймыз, – деді орталықта.
Жәрмеңкеде жұмыс берушілерден өзекті бос орындар, еңбекпен қамту мәселелері бойынша кеңестер күтіледі.