Павлодарда мұражайлар жұмысының маңыздылығы талқыланды

Павлодарда мұражайлар жұмысының маңыздылығы талқыланды
Фото: Константин Шелков

Семинарға педагогтар мен музейшілер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар білім бөлімінің экология және туризм орталығында «Музей қызметі қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту нысаны ретінде» атты оқу-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. 

Іс-шараға тарих, география мұғалімдері, кітапханашылар, № 27, 21, 32, 33, 41, 30, М. Әлімбаев атындағы, М. Әуезов атындағы, Малайсары батыр атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Жетекші ЖОМ мұражайларының басшылары қатысты.

Қатысушылар мұражайлар қызметінің өзекті мәселелерін, олардың оқушыларға білім берудегі рөлін талқылады. Жұмыс тәжірибесімен экология және туризм орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Машкентаева, Павлодар география үйінің директоры Александр Вервекин, мәдениет ардагері Роза Игибаева, орталықтың педагогы Гүлжихан Әлібаева, Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Дмитрий Франк бөлісті.

– Семинарға қатысушылар мұражай-өлкетану қызметінің рөлі, іздеу жұмысының маңыздылығы, туған өлке тарихына құрметпен қарау туралы пікір алмасты, – дейді Жұлдыз Машкентаева. 

Айта кетейік, семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әдістемелік ұсыныстар алды.