Павлодарда магистральды су құбыр жарылды
Зақым жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу кезінде орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қамзин көшесі мен Ак.Шөкин көшесінің қиылысында болған зақым түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Онда қала көшесінде атқақтап жатқан субұрқақты көруге болады.
Осы орайда Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі зақым болғанын растады.
- "Қазақстан алюминийі" АҚ ЖЭО-1-ден қоректенетін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу нәтижесінде оңтүстік желілік аудан бойынша Қамзин көшесі мен Ак.Шөкин көшесінің қиылысында диаметрі 500 мм магистральдық құбыржолында зақым анықталды. Гидравликалық сынақтар кезінде судың температурасы 40-45 градус болды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта су беру тоқтатылды. Осы учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.