Павлодар облысы қарбыз алаңдары бойынша ТОП-6 өңірге кірді
Биыл Қазақстанда бұл дақылдардың алаңы 8,9 пайызға қысқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz ақпараты бойынша, өткен жылдағыдай «қарбыз-қауынның» өңірі Түркістан облысы болып қалды – ҚР бойынша жалпы алаңның 70 пайыздан астамы.
Қарбыз, қауын салатын жерлердің көп бөлігі шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Бұдан кейін Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Павлодар облыстары кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, егіс алқаптарының азаюы әртараптандыруға және басқа дақылдарды егуге көшуге байланысты.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасында өткен жылы қарбыз салатын фермерлерге 1938 гектар жер бөлінгені, биыл бұл көрсеткіш 38 пайызға төмендегені айтылды. Аққулы ауданындағы «Қайрат» бақша шаруашылығының ірі өндірушісі мал шаруашылығына баса назар аудара отырып, көпжылдық шөптерге артықшылық бере отырып, егістігін қысқартты.
Егістік аумағының қысқартылуы, қарбыз өнімінің азаюына әкелді. Егер өткен жылы Павлодарлық фермерлер 76,6 мың тонна қарбыз жинаса, биыл 48,2 мың тонна жинауды жоспарлап отыр.
Павлодарлық қарбыздарды, қауындар мен асқабақтарды жаппай жинау қыркүйектен ерте басталмайды. Сөрелерде жергілікті өнімдер пайда болды, бірақ оның бағасы оңтүстіктен жоғары. Жергілікті қарбыздардың құны 220-250, өңтүстіктен әкелінген қарбыздардың килограмы 150 теңгені құрайды.
Бұл өнімдерді өсірумен тек Аққулы ауданы ғана емес, Павлодар ауданында, Екібастұзда және Ақсуда да айналысады.