Павлодарда көлік аударылып қалды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 04.50-де Шөкин көшесінде Mitsubishi Delica маркалы автокөліктің жүргізушісі аударылып қалды.
– Салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Ол жол апаты кезінде көлікте жалғыз болған, – дейді департаментте.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен 40 жастағы ер адам бірінші аурухананың жарақат пунктіне жеткізілгенін хабарлады. Шақыру сағат 4.56-да түскен, жедел жәрдем бригадасы сағат 5.06-да жеткен. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауыр. Түрлі көгерулер анықталды.