Павлодарда медқалдықтардан қоқыс үйіндісін ұйымдастырған кәсіпорын жазаланды

Павлодарда медқалдықтардан қоқыс үйіндісін ұйымдастырған кәсіпорын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Экология департаменті «BB-Group KZ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тексеру нәтижесінде бірқатар экологиялық заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге арналған жобалық құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбағаны және медициналық қалдықтардың рұқсатсыз орналастырылғаны белгілі болды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша мекеме ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 332-бабының 1-бөлігі және 344-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, департамент сотқа талап-арыз жолдап, «BB-Group KZ» ЖШС-нің медициналық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жобалық шешімдерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғанға дейін аталған жер учаскесіндегі қызметін тоқтата тұруды сұрады.

Еске сала кетейік, Солтүстік өнеркәсіптік аймағында медициналық қалдықтардың рұқсатсыз жинақталғаны анықталды. Пайдаланылған құралдардан, қанмен ластанған заттардан, мата, шприцтер, жүйелер және т.б. тұратын медициналық қалдықтардың жерде үйіліп жатқан.