Павлодарда медресе колледжіне директор тағайындалды

Павлодарда медресе колледжіне  директор тағайындалды

 «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің басшысы болып Арман Қайыргелді тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз  қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы медресе қызметкерлеріне және медресе шәкірттеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылдың ақпан айының 24 күнгі №505 бұйрығын таныстырды. Аталмыш бұйрық бойынша «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры болып  Арман Қайыргелді тағайындалды.

Арман Қайыргелді 1993 жылы Павлодарда дүниеге келген.  «Астана» медресесін «Исламтану» мамандығы бойынша, «Нұр Мүбәрак Египет ислам мәдениеті» университетін «Исламтану» мамандығы бойынша тамадаған.

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мешітінде наиб имам, Павлодар қаласындағы «Бижан» мешітінде наиб имам, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің тәрбиешісі, арнайы пәндер ұстазы, тәрбие жөніндегі директор орынбасары қатарлы қызметтерді атқарып келген, болашағы зор жас маман.