Павлодарда жол апатына түскен төрт адам жарақат алды

Павлодарда жол апатына түскен төрт адам жарақат алды
Фото: куәгерлер ұсынды

Жол-көлік апаты Ак. Сәтбаев көшесіндегі үйдің жанында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыртуға екі медициналық және апаттар медицина бригадасы үш минутта жеткен. 

Екі көліктің соқтығысуынан төрт адам зардап шекті. Екі бала – бес жасар ұл және жеті жастағы қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 32 жастағы әйел Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қабылдау бөлімшесіне түсті.

Дәрігерлердің қаралуынан кейін тағы бір зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызудан бас тартты.