Павлодар облысында тұрғын үй мәселесін шешуге қосымша қаржы бөлінді
Құрылыс шығындары 256 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктың хабарлауынша, тоғыз ай ішінде өнеркәсіп өнімдері саласында өңдеу секторындағы 8,1%-ға өсім есебінен 2,5 триллион теңгеге өнім өндірілген.
– Ауыл шаруашылығы саласында көлем 12,7%-ға ұлғайды. Өсімдік шаруашылығы – 122,8%, мал шаруашылығы 102,4% көрсетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 256,3 миллиард теңгені құрады, бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 12,8%-ға артық, – деді Ирина Назарчук.
Жыл басынан бері 238 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – жоспарланған көлемнен 18 пайызға артық.
Көктемде ведомство өңірдің әлеуметтік осал тұрғындары үшін 815 жалдамалы пәтер сатып алуға және «Достық» шағын ауданында көппәтерлі үйдің құрылысына қосымша қаржыландыру көзін тапқан. Осылайша 500-ге жуық пәтер ұсынылады, қалған 40 пайызы облыстың ауылдары мен моноқалаларында бөлінеді.
Сондай-ақ, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдарға жұмыс істеу үшін келген мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1,4 миллиард теңгеге 167 бюджеттік кредит, сондай-ақ 175 миллион теңгеге 442 көтерме жәрдемақы беріледі. 411 миллион теңгеге 53 кредит және 95,3 миллион теңгеге 258 көтерме жәрдемақы берілді.