Павлодарда мектептерге берілген жаңа автобустардың қауіпсіздігі тексерілді(ВИДЕО)
Аймақта білім беру мекемелері үшін 46 заманауи автобус сатып алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, жаңа мектеп автобустарының жүргізушілері үшін пайдалану және қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізілді.
- Жол полициясының инспекторлары атап өткендей, автобуста жарамдылық мерзімі жапсырылған екі алғашқы көмек қобдишасы мен екі өрт сөндіргіш болуы керек, техникалық қызмет көрсету жылына екі рет жүргізілуі керек, - делінгер хабарламада.
«Astana Motors» өндіруші компаниясының өкілдері автобустар қауіпсіздік белбеуі бар балалар орындықтарымен, мобильділігі төмен балаларға арналған көтергішпен, мотор бөлігінің өрт сөндіру жүйесімен және балаларды қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін басқа да элементтермен жабдықталғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram