Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды
Фото: pexels.com

Шетелдік аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заңсыз такси жүргізуші» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жалдамалы пәтерлерінің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды. Ер адам өз Отанында қылмыс жасағаннан кейін жасырынған. 

– Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде, – деді департаментте. 

Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында тәртіп сақшысы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын ұстады. Шетелдіктің халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, материал сотқа жіберілді.