Павлодарда Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Республика күніне орай көлемі 10х20 метр Мемлекеттік ту көтерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Салтанатты шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысты. Аймақ басшысының командасынан кейін ҚР Мемлекеттік Әнұранның сүйемелдеуімен Мемлекеттік ту көтерілді.
Бұл күні Мемлекеттік рәміздер алаңында 5512, 6679 ә/б, Шекара қызметі, ТЖД, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жиналды. Салтанатты шараға қауіпсіздік қызметкерлерінен басқа, қоғам белсенділері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Барлығы 600-ге жуық адам келді.
– Қатты толқып тұрмын, бұл өте қызықты сәт. Осыдан отыз жыл бұрын Қазақ КСР егемендік туралы Декларацияны қабылдады. Бұл Тәуелсіздікке алғашқы және маңызды қадам болды. Бұл – біздің ата-бабаларымыздың арманы және олардың армандары орындалды. Сонымен қатар, елімізде бейбітшілікті, келісімді сақтау маңызды, бұл – әрбір қазақстандықтың міндеті, – деді «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ төрағасы Ермек Жұматов.
Өткен жылы қазақстандықтар Республика күнін қайтадан 25 қазанда атап өте бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда Ұлттық құрылтай отырысында ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, Республика күні елдің егемендігі туралы Декларацияның маңыздылығын көрсетеді.
Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Қазақстанның егемендігін жариялайтын жеке аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, Мемлекеттік рәміздері бекітілді.