Павлодарда Mercedes маркалы көлік тұрғын үйге соғылды

Павлодарда Mercedes маркалы көлік  тұрғын үйге соғылды

Салдарынан ғимарат қабырғасына зақым келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға  М. Горький көшесінің бойында орын алды. «Mercedes Benz 280Е» пен «Mercedes Benz» маркалы екі көлік соғылған.

Mercedes Benz көлігінің жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

– Қоңырау сағат  12:04-те келіп түсті. Зардап шеккендердің екеуі – 1978 жылғы ер адам және 1981 жылғы әйел адам. Екеуі де № 1  қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

Жол-көлік оқиғасына байланысты сараптама тағайындалды, тексеріс жүргізілуде.