Павлодарда мобильді алаяқтарға сеніп қалған зейнеткер бір миллион теңгеден айырылды

Павлодарда мобильді алаяқтарға сеніп қалған зейнеткер бір миллион теңгеден айырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт зейнеткер әйелге қоңырау шалып, өзін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырды. Алаяқ әйелдің атына несие рәсімделген деп айтқан. Зейнеткер несиені жою үшін алаяқтың нұсқауымен банктің мобильді қосымшасын жүктеген. Сол күні әйелдің атына жалпы сомасы 1 миллион 125 мың теңге несие ресімдегені туралы белгілі болған. 

Тағы бір жағдайда 30 жастағы ауыл тұрғыны мобильді қосымша арқылы  370 мың теңге сомасына тауар кредитін ресімдеген. Кейін оған алаяқтар қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған және соманың 3% -ын есептен шығару үшін ақшалай қаражатты қолма-қол ақшалай шешіп беруді ұсынды. Содан кейін алаяқтар ер адамға сілтемені жіберіп, оның шотынан ақшаны аударып алған. 

– Алданған азаматтарға полицияға қоңырау шалудан басқа ештеңе қалмады, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полициясы киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша қылмыс фактілеріне қатысы бар адамдарды анықтауға жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.