Қанша павлодарлық отбасына көмір алуға көмектесті?
Біржолғы төлемді үш санатқа кіретін азаматтар алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пешпен жылытылатын жеке секторда тұратын азаматтарға әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар қабылдайды. Бағдарлама жылдан жылға 31 желтоқсанға дейін істейді.
Үш санатқа жататын тұрғындарға көмір сатып алу үшін 73 840 теңге беріледі. Бүгінгі таңда 2496 отбасы біржолғы төлеммен қамтылды.
Еске сала кетейік, 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер ақшалай төлемдерді ала алады. Бұл категорияға кәмелетке толмаған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар да кіреді. Ол үшін табыстарын растаудың қажеті жоқ. Өтініш беру үшін мүгедектік туралы анықтама қажет.
Көп балалы отбасылар да табысын растамай-ақ көмек ала алады. Ол үшін көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжат қажет.
Табысы күнкөріс минимум деңгейінен аспайтын отбасылар да қолдау арқылы көмір алуға өтініш бере алады. Құжаттар тізімінде барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне өткен айдағы жұмыс орнынан табыс туралы анықтама жинау қажет.
Әр санат өз құжаттарынан басқа тұрғын үйге меншік құқығын растау немесе жалдау шарты, 20 саннан тұратын банк шоты және пештің жылытуын растайтын сәуір және қазан айларының қоқыс түбіртегін тапсыру керек.
Құжаттар сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін Кривенко көшесі, 25, «Open Pavlodar» фронт-офисі мекенжайы бойынша қабылданады. Түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.