Павлодарда Наурыз мерекесі қашан басталады?
Павлодарлықтар биыл да бұрынғы дәстүрден жаңылмақ емес, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Наурыз мейрамы - елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру, бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі.
— Төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14 – 23 НАУРЫЗ аралығында өткізілетін НАУРЫЗНАМА онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылады, - делінген хабарламада.
14 наурыз – «Көрісу күні– амал мерекесі». Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.
15 наурыз – «Қайырымдылық жасау күні». Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арнауды ұсынылады.
16 наурыз – «Шаңырақ күні». Бұл күнді отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады.
17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.
18 наурыз – «Ұлттық киім күні». Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімі мен фестивальдерін өткізуге ерекше назар аудару ұсынылады.
19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» қамқорлығымен өткізу ұсынылады.
20 наурыз – «Ұлттық спорт күні". Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
21 наурыз – «Ынтымақ күні». Бұл күннің символдық және біріктіруші бастамасы қала тұрғындарын әлеуметтік желілерде, телеарналар эфирлерінде құттықтаудың мерекелік эстафетасын іске қосу болмақ.
22 наурыз – «Жыл басы». Бұл күні мерекелік атмосфераны жасауға бұқаралық іс-шаралар мен халықтық мерекелер ықпал етеді.
23 наурыз – «Тазару күні». Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізуге ұсынады.
Еске сала кетейік, Наурыз мерекесіне орай Павлодарға Қайрат Нұртас пен Еңлік келді.