Павлодарда оқушылар арасында аралас жекпе-жектен облыстық чемпионат өтті

Павлодарда оқушылар арасында аралас жекпе-жектен облыстық чемпионат өтті

Чемпионатта 200-ден астам балалар мен жасөспірімдерден тұратын 18 команда күресті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, өңірімізде ММА IMMAF аралас жекпе-жектен екі күндік облыс чемпионаты өтті. Чемпионатқа облыстың 8-20 жас аралығындағы жастары қатысты.

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының намысын 17 тәрбиеленуші қорғады, олар 14 түрлі медальмен қоржынды толтырды. Алты тәрбиеленуші – алтын, бес тәрбиеленуші – күміс, үш тәрбиеленуші қола медаль жеңіп, медальдік есепте екінші орын алды. 

Алтын медальді 14-15 жас аралығындағы қатысушылар арасында Кәрім Маденов, 16-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында Абу-Муслим Бачалов, 12-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында Ислам Сыздықов пен Руслан Қайыргелді, 10-11 жас аралығындағы қатысушылар арасында Расул Қайыргелді мен Данил Дерун жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына 16-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында Иманғали Займолда, 12-13 жас аралығындағы қатысушылар арасында Руслан Клинг пен Илхан Сыздықов, 10-11 жас аралығындағы қатысушылар арасында Райян Айтмұхамбет пен Арафат Жұмабаев көтерілді. 10-11 жас аралығындағы Рамазан Құлмашов пен Мансур Қайрақов, 12-13 жас аралығындағы Абай Ислам чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды.

 – Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған. Тәрбиеленушілер жауынгерлік тәжірибе алды, жаңа турнирлер мен жарыстарға қатысуға дайын, – деді жаттықтырушы.

Сонымен қатар, жігерліктерді Алтынбек Рщанов пен Нұрлан Абетжан жаттықтырады.