Павлодарда облысында UМІТ жазуы бар геоглиф отырғызылды
Аумаққа 300-ге жуық қарағай көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Орталық Азиядағы алғашқы көміртекті кеңістік» аумағында 13 қазанында Железин ауданындағы Жолтаптық ауылында орналасқан полигон аумағында 270 қарағай көшеттерінен «ағаштан жасалған UМІТ сөзінің жазуы» «BASS Holding» ЖШС командасының бастамасымен отырғызылды. Осы шара жыл сайынғы «Ұлттық орман отырғызу күні» экологиялық акциясына қолдау көрсету және «UМІТ» «Бас бостандығынан айыру орындарындағы әйелдер мен босқындарға арналған Қазақстандық дағдарыс орталығы» халықаралық жобасын ашу үшін ұйымдастырылды.
Елімізде «Ұлттық орман отырғызу күні» БҰҰ «Халықаралық орман жылы» деп жариялауын қолдау мақсатында тоғызыншы жыл қатарынан өткізілуде. Бұл шара экологиялық таза ортаны сақтау мәселесіне алаңдап отырған республиканың барлық тұрғындарын оның қамқорлығына біріктірді. Бұл акцияның ұйымдастырушысы – «Тұрақты даму» Жер қоры» үкіметтік емес ұйымының ұжымы.
Холдинг үшін «Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы көміртекті кеңістіктің» аумағында «270 қылқан жапырақты ағаштардың UMIT жазбаларын» орнату іс-шарасы оның көгалдандыруына және әлеуметтік жауапкершілікті қолдауға қосқан үлесі тұрғысынан маңызды болып табылады.
- Біздің Холдингтің құрылғанына небәрі алты ай болды, бірақ біздің жұмысымыздағы басты басымдықтарымыздың бірі - біз жұмыс істейтін адамдардың ғана емес, сонымен қатар жеріміздің алдындағы әлеуметтік жауапкершілік. Баршамызға белгілі, жыл сайын Қазақстандағы орман өрттен, заңсыз ағаш кесуден және т.б. зардап шегеді. Сондықтан да табиғи байлығымызға деген жауапкершілік арта түссе екен деген ниетпен UМІТ сөзінің пішінінде ағаш отырғызып, шағын үлесімізді қосуды жөн көрдік, - деді жоба жетекшісі Хантемір Тасболатов.
«BASS Holding» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және еліміздің экологиясын жақсартуға бағытталған бастамаларды толығымен қолдайды.
- Біз бұл бастама елімізді көгалдандыру саласындағы үлкен және ұзақ қызметтің бастамасы екеніне сенімдіміз. Осындай акцияларды еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жолы біз UMIT сөзін бекер таңдаған жоқпыз, өйткені біз жақсы болашаққа, табиғатқа ұқыпты қарауға деген үмітті көріп отырмыз және бұл үміт біздің ұрпақтарымыз үшін қалғанын қалаймыз, - деп атап өтті Хантемир Тасболатов.
Айта кетілік, көгалдандыруға Жолтаптық ауылының белсенді тұрғындары мен ұстаздары, Железин ауданы әкімдігі, «BASS Holding» ЖШС және «Тұрақты даму» Жер қоры» үкіметтік емес ұйымының ұжымдары қатысты.