Ақсуда қалалық саябақ жаңартылады
Облыс тарапынан 2024 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде жобаға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Энергетиктер мен металлургтер облыс әкімі Асайын Байханов пен оның әріптестеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік инфрақұрылым, абаттандыру тақырыптары бойынша көптеген сұрақтар қойды. Аймақ басшысы олардың кейбірін жеке бақылауға алды.
– Зауыт жұмысшыларының бірі қараусыз қалған қалалық саябаққа назар аударуды өтінді. Қабылдау аяқталғаннан кейін бірден саябаққа бардым. Орын жақсы-ақ екен, бірақ шынымен жаңартуды қажет етеді. Ақсу әкімдігіне инклюзияны міндетті түрде ескере отырып, саябақ бойынша жоба әзірлеуді тапсырдым, – деді Асайын Байханов Instagram-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы Асайын Байханов Ақсудағы ірі кәсіпорындар - Еуразиялық энергетикалық корпорация және «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлерімен кездесіп, азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram