Павлодарда облыстық «Жыл мұғалімі - 2024» байқауының бірінші кезеңі аяқталды
Педагогтар додасында отызға жуық маман бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мәлімдеуінше, 15-19 ақпан аралығында «Жыл мұғалімі – 2024» облыстық конкурсының I іріктеу кезеңі өтті.
- Бірінші кезеңге 29 педагогтің материалдары ұсынылды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 60%-дан жоғары ұпай жинаған 20 қатысушы екінші кезеңге өтті. Бұл бөлімде қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды шешеді, - делінген хабарламада.
Облыстық білім беру басқармасы мен білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бірлесе ұйымдастырған бәйгенің ақтық кезеңіне жолдама алғандар қатарында ауыл мұғалімдері, қала мектептерінің педагогтары және мектеп- гимназиясы мен
мектеп-лицейінің ұстаздары бар.