Павлодарда офицерлер көпбалалы отбасыға қолдау көрсетті
Әйел адам жеті баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың бірінің туғаннан мүмкіндігі шектеулі. № 45 мекеме қызметкерлері аталған отбасыға қолдау көрсетуді жөн көрген.
– Балалардың анасының айтуынша, жәрдемақы жеткіліксіз. Балалар тіпті, ойын алаңдары мен сауықтыру кешендеріне баруды да армандамайды. Мекеме қызметкері жұмысқа келе сала, осы отбасына көмектесу туралы идеясымен әріптестеріне жүгінген, – дейді департаментте.
Мекеменің жеке құрамы отбасына Балаларды қорғау күніне орай ойын-сауық орталығына баруға сертификаттар мен тәттілер, жемістер табыстады. Олардың бұр әрекетіне риза болған көп балалы ана офицерлерге алғысын білдірді.