Павлодарда онколог тегін қабылдау өткізеді
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 9 желтоқсанда сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін асқазан, ұйқы безі және бауыр обырының алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді.
– Барлық ниет білдірушілерді онколог дәрігерден тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз, – деп жазылған хабарламада.
Мекенжайы: Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы.
Байланыс телефондары: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.