Павлодарда отшашу ашқан тұрғын автокөліктің капотын зақымдады

Павлодарда отшашу ашқан тұрғын автокөліктің капотын зақымдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары көліктің зақымдануы отшашудың  салдарынан болғанын анықтады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  ер адам қоңырау шалып, Баян батыр көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанында біреу JAC JS6 маркалы автокөлігінің капотына зақым келтіргенін хабарлаған.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде үйдің тұрғыны анықталды, ол балаларды қуантуға бел буып, аулада отшашуды жаққанын мойындады. Пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны және сақтық шараларын сақтамағаны үшін құқық бұзушы жауапқа тартылды, – дейді департаментте. 

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында департамент тиісті құжаттары мен сапа сертификаттары бар пиротехниканы сатып алу қажет екені жайлы еске салады. Сондай-ақ қолданар алдында қолдану нұсқауларын мұқият оқып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.