Павлодарда «Pavlodar-OPEN 2023» халықаралық турнирі өтеді

Павлодарда «Pavlodar-OPEN 2023» халықаралық турнирі өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Шараға қатысуға 20-ға жуық ел өтінім берген,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, турнирді  21 – 31 қазан аралығында Павлодар қаласында өткізу жоспарланған. 

- Додаға қатысуға Әзербайжан, Бангладеш, Беларусь, Грузия, Үндістан, Иран, Израиль, Қазақстан, Нидерланды, Ресей Федерациясы, Словения, Тәжікстан, Украина, АҚШ, Египет, Кувейт, Түркіменстан, Өзбекстан секілді 20-дан астам ел тіркеуден өтті, - делінген хабарламада.  

21 қазан спортшылар келетін аймаққа келетін болса, ашылуы 22 қазанда облыс әкімінің қатысуымен "Достық үйінде" ұйымдастырылады. Алғашқы тур 22 қазанда "Шахмат үйінде" басталады. Мұнда алғашқы жүру құқығы Павлодар облысының әкімі Асайын  Байхановқа беріледі. Ал марапаттау және турнирдің жабылуы 31 қазанда "Шахмат үйінде" өтеді.

Кепілдікті жүлде қоры 23 млн.теңгені құрайды.