Жағажай футболынан павлодарлық «Арман» алты кездесуде жеңіске жетті
Олар Қазақстан чемпионатындағы ең жоғарғы ұпай сандарын жинаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қонаев қаласында жағажай футболынан Қазақстан чемпионатының старттық кезеңі аяқталды. Үш күнде павлодарлық «Арман» командасы алты кездесу өткізді. Жерлестеріміз қарсыластарының барлығын жеңіп, ең көп ұпай жинаған команда атанды. Олардың жаттықтырушысы - Болат Аленов.
Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы матчтардың қорытындысы төмендегідей болды:
«Арман» «Достар» командасын 4:3 есебімен ұтты. Голдарды Ә.Әжікенов, В.Шевчук, Д.Гули, Т.Ершин соқты.
Павлодарлық команда Алматы облысының «Малайсары» командасын пенальтиде жеңді. Ойын 4:4 есебімен аяқталды, пенальти сериясын павлодарлықтар жеңіспен аяқтады. Есеп – 3:1. Голдарды Тимур Ершин, Владислав Шевчук, Алан Минбаев, Дмитрий Перевертов соқты.
Келесі кездесуде «Арман» Конаев қаласының ОСДЮСШ командасын 4:2 есебімен ұтты. Гол салғандар: Асқар Әжікенов, Аңсат Мұратұлы, Дмитрий Перевертов, Денис Гулы.
Әне-міне дегенше алматылық «Малайсары» командасымен өткен кездесу тағы да павлодарлықтардың жеңісімен аяқталды. Есеп – 5:4. Сәтті хет-трикті Дмитрий Перевертов жасады, Тимур Ершин және Денис Гули бір голдан соқты.
Айта кекту керек, тамыз айында Павлодарда жағажай футболы бойынша Қазақстан чемпионатының ойындары өтеді.