Павлодарлық студенттер драмалық қойылымды сахналайды

Павлодарлық студенттер драмалық қойылымды сахналайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

17 наурыз күні сағат 18:30-да Торайғыров университеті сахнасында «Соңғы шешім» атты драмалық қойылым көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қойылымды Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті жанынан құрылған «Ғибрат» студенттік театры сахналамақ.

Спектакль Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тұжырымдамасы аясында және Павлодар облысы прокуратурасының ұсынысымен ұйымдастырылып отыр.

Қойылымның басты мақсаты – жастар арасында заңға құрмет пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға шақыру көзделген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спектакль мазмұны жастарды құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы ойлануға, саналы шешім қабылдауға және қоғамдағы оң құндылықтарды насихаттауға бағытталған.