Павлодарда полицей болуды армандайтындарға таптырмас мүмкіндік пайда болды
Оңтүстік полиция бөлімі қыз-жігіттерді қызметке шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бос орындарға 18-35 жас аралығындағы қыз-жігіттер үміткер бола алады.
— Егер сен жас, белсенді болсаң және қоғам игілігі үшін қызмет етуді қаласаң — біздің қатарға қосыл. Полиция қызметі — бұл тұрақтылық, ертеңгі күнге сенімділік және мансаптық өсу мүмкіндігі, — делінген хабарламада.
Үміткерлерге қойылатын басты талаптың бірі орта немесе жоғары білім болуы керек болса, жігіттер үшін әскери билет міндетті.
Құқық қорғау органы қатарға қосылуға ниеттілерді тұрақты жұмыс пен формалық киіммен, тегін медициналық қызмет көрсетумен және әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық өсумен қамтитынын тілге тиек етті.
Жұмысқа орналасу үшін Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 76 мекенжайына немесе 37-78-65 телефоны арқылы қосымша ақпаратты алуға болады.