Павлодарда полицейлер тұрғындарға мереке ұйымдастырады

Павлодарда полицейлер тұрғындарға мереке ұйымдастырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

26 тамызда сағат 17.00-де  Орталық жағалауда «Әділетті Қазақстан. Сервистік полиция» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ertis Promenade» сахнасында мерекелік концерт өтеді. 

Шара барысында қызықты конкурстар, керемет қойылымдар күтеді. Кез келген адам полицияның жұмысымен таныса алады, сондай-ақ  жұмыста қолданылатын цифрлық технологиялар көрсетіледі.