Павлодарда жолаушылар автобусы велосипедшіні қағып өлтірді

Мерт болған велосипедші жолдың белгіленбеген жерінен өткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 мамырда Golden DRAGON маркалы автобустың жүргізушісі көлік құралын басқара отырып, Жібек жолы көшесімен келе жатып, Геринг көшесінің қиылысында жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейік, көз жұмған велосипедші 61 жаста болған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады