Павлодарда пробация қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты

Павлодарда пробация қызметкерлері психологиялық тренингке қатысты
Фото: pixabay.com / Mohamed_hassan

Тренингті Торайғыров университетінің студенттері ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ҚАЖ департаментінің мәліметінше, шараны «Психология» мамандығының 4-курс студенттері оқу тәжірибесі аясында, пробация қызметінің психолог инспекторы Эльвира Сиразидимовамен бірлесіп өткізді.

– Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің күйзеліске қарсы тұру қабілетін арттыру, эмоционалдық жағдайын жақсарту және ұжымдағы командалық рухты нығайту болды. Студенттер дайындаған жаттығулар өзін-өзі тану, эмпатия мен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталды, – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Пробация қызметкерлері тренингтің пайдалы болғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ал студенттер үшін бұл шара алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.