Павлодарда сәбилер арасында еңбектеуден облыстық чемпионат өтеді

Павлодарда сәбилер арасында еңбектеуден облыстық чемпионат өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жас отбасылар кішкентайлардың алғашқы спорттық жетістігін бірге қолдай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 12 қыркүйек күні Ломов көшесі, 38 мекенжайында Baby Start 2026 сәбилер арасында еңбектеуден облыстық чемпионат өтеді.

Сайысқа ата-анасының бірі 35 жасқа толмаған, ал сәбиі алты айдан бір жарым жасқа дейінгі отбасылар қатыса алады.

– Чемпионат үш кезеңнен тұрады. Қатысушыларды сәбилер сайысымен қатар отбасылық сынақтар күтіп тұр. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады, – деді ұйымдастырушылар.

Чемпионатқа қатысу тегін. Өтінімдер 6 қыркүйекке дейін қабылданады. Тіркелу үшін +7 771 130 3273 WhatsApp нөміріне немесе kgu_crmi@mail.ru электрондық поштасына хабарласуға болады.