Павлодарда салынып жатқан көпірден шыққан өрттен ер адам зардап шекті
Оның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
— 2005 жылы туған ер адам. Улы газбен орташа дәрежедегі улану бойынша аруханаға жеткізіліп, терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Ертіс өзенінің үстінде салынып жатқан көпірден өрт шыққан болатын.
Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайларға қарамастан, өрт сөндірушілер өртті жедел бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде толықтай сөндірді.