Павлодарда салынып жатқан көпірде шыққан өрт сөндірілді

Павлодарда салынып жатқан көпірде шыққан өрт сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды қысқа уақытта ауыздықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін облыстық «101» пультіне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. 

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларының жанғанын анықтады.

Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайларға қарамастан, өрт сөндірушілер өртті жедел бақылауға алып, 160 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде толықтай сөндірді, – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің әрі қарай таралуына және көпір құрылымына зақым келуіне жол берілмеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.